Ол бұл пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Сондай-ақ, сөзін Иранмен болашақ келісімге қатысты талқылаулармен байланыстырған.
"Егер мен Иранмен келісім жасасам, ол тек жақсы әрі дұрыс келісім болады. Бұл Обаманың келісімі сияқты болмайды, ол Иранға орасан көп ақша беріп, ядролық қару жасауға тікелей жол ашты. Біздің келісім – оның толық қарама-қарсысы. Бірақ оны әлі ешкім көрген жоқ және оның нақты мазмұны белгісіз. Әлі толық келісілген жоқ. Сондықтан не туралы айтып жатқанын білмейтін "сәтсіз адамдарға" құлақ аспаңыздар. Менен бұрынғылар бұл мәселені жылдар бұрын шешуі керек еді, бірақ шеше алмады. Мен жаман келісімдер жасамаймын!" – деді саясаткер.
Бұған дейін жазғанымыздай, Трамп Иранмен "келісімге келіп қалғанын", Ормұз бұғазы ашылатынын мәлімдеді.