Венесуэлада сотталушылар тергеу изоляторын басып алды

Сурет: Х/oveprisiones
2026 жылғы 24 мамырда Венесуэланың Баринас штатында 1200 ер адам және 100 әйел сотталушы тергеу изоляторын басып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Венесуэла түрмелерін бақылау орталығының Х әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сәйкес, сотталушылар сонымен бірге наразылық жариялаған. Бұған түрмеге жаңа директордың тағайындалуы себеп болған. Оның келуінен кейін 120-дан астам адам жазалау камераларына (штрафтық изоляторларға) қамалған.

Сурет: Х/oveprisiones

Сотталушылардың айтуынша, жаңа басшылық оларды азаптап, соққыға жығып, тінтулер жүргізе бастаған. Сол себепті олар түрме директорының қызметінен босатылуын талап етіп отыр.

Наразылық кезінде сотталушылар түрме мұнараларының төбесіне шығып, кейбірі матрастарды өртеген. Ал күзет қызметі мен жаңа директор оларға оқ атқан, соның салдарынан жараланғандар да бар.

Түрмелерді бақылау орталығы елдің прокуратурасы мен омбудсменін жағдайға араласуға шақырды.

Бұған дейін ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, пышақпен шабуыл жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді