Ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, пышақпен шабуыл жасаған
Фото: pexels
Ресейде жантүршігерлік оқиға болды. Санкт-Петербург қаласында ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, кейін оған пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті қамауға алынып, 23 шілдеге дейін тергеу изоляторында ұсталатын болды. Бұл туралы 2026 жылғы 25 мамырда РЕН ТВ телеарнасы мәлімдеді.
Қылмыс 23 мамыр күні Железноводская көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған.
"27 жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, белгі беретін тапаншамен оқ атқан артынша оған пышақ жарақатын салған. Осыдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен", – делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Ал шабуыл жасаған адамды тоқтатпақ болған құрбысы қолынан күйік алған. Күдікті келесі күні ұсталды.
Бұған дейін Пәкістанда теміржолда жарылыс болып, 16 адам қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript