АҚШ-та зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты, тағы тоғызы табылмай жатыр

Сурет: freepik
АҚШ-тың Вашингтон штатындағы қағаз шығаратын зауытта жарылыс болды. Химиялық резервуардың жарылысы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы тоғыз жұмысшы табылмай жатқаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вашингтон мен Орегон штаттарының шекарасында орналасқан Лонгвью қаласындағы Nippon Dynawave Packaging Co қағаз фабрикасында қайғылы төтенше жағдай болды. Кәсіпорында қағаз өндірісінде қолданылатын химиялық заттар толы резервуар жарылған, деп хабарлайды CBS News телеарнасы.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. Тағы тоғыз жұмысшы хабар-ошарсыз кеткен. Олардың отбасылары болған оқиғадан құлақтандырылды.  

PeaceHealth St. John Medical Center ауруханасы тоғыз адамды қабылдағанын, кейіннен төрт науқасты Портлендтегі күйік орталығына ауыстырғандарын нақтылады. 

Оқиға орнына 40-қа жуық өрт сөндірушілер мен фельдшерлер, сондай-ақ қауіпті заттармен жұмыс жөніндегі аймақтық топ жіберілді. Кәсіпорында мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Бұған дейін Венесуэлада сотталушылар тергеу изоляторын басып алғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз