Хантавирустың негізгі екі түрі аталды

Фото: freepik
Ресейлік инфекционист дәрігер, Сібір мемлекеттік медицина университетінің инфекциялық аурулар және эпидемиология кафедрасының доценті Юлия Минакова хантавирустың негізгі түрлері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маманның 2026 жылғы 29 мамырда РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтуынша, хантавирустың екі негізгі клиникалық түрі бар.

"Хантавирустың 50-ден астам түрі бар және олар екі түрлі клиникалық көрініс тудыруы мүмкін. Біріншісі – көпшілікке белгілі хантавирустық кардиопульмоналдық (өкпелік) синдром, екіншісі – бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба", – деді Юлия Минакова.

Сарапшының түсіндіруінше, адамның қай серотипті вирус жұқтырғанына байланысты аурудың бір түрі немесе екіншісі дамиды.

Оның сөзінше, хантавирустық кардиопульмоналдық синдром Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған. Мұндай клиникалық түрге, атап айтқанда, Андес штаммы жатады.

Ал бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба (ГСГҚ) Еуропа мен Азия елдеріне тән эндемиялық ауру саналады.

"Хантавирустық инфекция адамға тышқандар тұқымдасы (Muridae) мен атжалмандар тұқымдасына (Cricetidae) жататын жабайы кеміргіштермен байланыс кезінде жұғады", – деп нақтылады дәрігер.

Маманның айтуынша, вирус қоршаған ортаға жануарлардың нәжісі, зәрі және сілекейі арқылы таралады.

Айта кетейік, өлімге әкелуі мүмкін хантавирустың өршуі Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius кемесінде тіркелген. Салдарынан үш адам көз жұмды. Кеме 10 мамырда Канар аралдарының жағалауына жетіп, жолаушылар эвакуацияланған. Кейін экипаж мүшелері бар кеме Роттердамға бет алған.

2026 жылғы 27 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус MV Hondius круиздік лайнеріндегі хантавирус ошағының ұлғайып жатқанын мәлімдеді. Соңғы дерек бойынша, вирус жұқтырған жолаушылар саны 13 адамға жеткен.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Депутаттар озық технологияларды ұтымды қолдануы керек