Израиль тарапының мәліметінше, ХАМАС бітім туралы келісімді бұза отырып, аталған нысанды қару-жарақ бөлшектерін өндіру үшін пайдаланған. Осы арқылы топ өзінің әскери әлеуетін қайта қалпына келтіруге әрекеттенген.
ЦАХАЛ-дың дерегінше, соққы жасалған сәтте нысанда ХАМАС-тың бірнеше мүшесі болған. Израиль әскері олардың Израильдің әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарына қарсы шабуылдар әзірлеумен айналысқанын алға тартты.
Израиль әскері соққы жасар алдында бейбіт тұрғындарға төнетін қауіпті барынша азайту үшін бірқатар шара қабылданғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, жоғары дәлдіктегі қару қолданылып, әуеден барлау жүргізілген.
Сондай-ақ ЦАХАЛ мәліметінше, Оңтүстік қолбасшылықтың бөлімшелері бітім туралы келісімге сәйкес осы ауданда қызметін жалғастырып жатыр және тікелей қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында әрекет ететін болады.
Бұған дейін Иран Парсы шығанағы елдеріне тағы да әуеден шабуыл жасағанын жазғанбыз.