Иран Парсы шығанағы елдеріне тағы да әуеден шабуыл жасады

Иран, Парсы шығанағы, БАӘ, Қатар, Бахрейн, Иордания, шабуыл  , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 14:58 Сурет: freepik
АҚШ-тың ИРҚК нысандарына қарсы жүргізген ауқымды операциясынан кейін Иран Парсы шығанағының бірқатар елдеріне зымыран және ұшқышсыз аппараттармен шабуыл жасады. Сондай-ақ Тегеран Ормұз бұғазының жабылатынын жариялады, ол арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ы өтеді, деп хабарлай

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Иордания, Бахрейн, Қатар, Оман және БАӘ елдері әуеден соққыға ұшырады. Жаңа шиеленіс АҚШ-тың Ирандағы 140-тан астам әскери нысанға шабуыл жасайтынын жариялағаннан кейін болды, деп жазады The Guardian 2026 жылдың 12 шілдесінде.

Вашингтонның пайымынша, бұл операция - ИРҚК-нің Кипрде тіркелген жүк кемеге қарсы жасаған әрекетіне жауап. Тегеран аталған кеменің Ормұз бұғазы арқылы "рұқсат етілмеген маршрут" бойынша жүріп, өздерінің тарапынан жасалған ескертулерді елемегенін мәлімдеді. Көп ұзамай Иран әскери күштері ереже бұзған екінші кеменің жолын кескенін хабарлады.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы әуе соққылары зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар позицияларына, теңіз нысандарына, оқ-дәрі қоймаларына, байланыс тораптарына және бақылау пункттеріне бағытталғанын айтты.

Бұған жауап ретінде ИРҚК АҚШ-тың аймақ елдеріндегі командалық және әскери нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Тегеран Иорданиядағы командалық орталық пен ұшқышсыз ұшақтар тұрған ангарлардың, Кувейттегі америкалық радиолокациялық станцияның, Қатардағы авиациялық қызмет көрсету орталығы мен командалық пункттің жойылғанын, сондай-ақ Омандағы АҚШ әскери ұшақтарын қамтамасыз етуші платформаларға шабуылдағандарын мәлімдеді.

Қатар өздерінің Әуе қорғанысы жүйелері зымырандардың бір бөлігін орта жолдан жойғандарын хабарлады. Елдің ІІМ мәліметтері бойынша, үш адам, соның ішінде бір бала жарақат алды. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

БАӘ билігі елдің аумағынан тыс жерлерде зымыран қаупі тіркелгенін айтып, жағдайдың үнемі бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Кувейттің Сыртқы істер министрлігі Иранның әуе соққыларын айыптап, оларды халықаралық құқықты бұзу және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіру деп атады.

Бахрейнде шабуылдар туралы хабарламалардан кейін дабыл зорайтқышы іске қосылып, тұрғындарды бас сауғалауға, қауіпсіз жерлерді паналауға шақырды.

Иордания билігі ел аумағында үш ирандық зымыран құлағанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар аз мөлшерде материалдық шығын келтірді, зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, ИРҚК Ормұз бұғазының белгісіз мерзімге жабылатынын жариялады және АҚШ-тың әрекеттеріне "қатаң жауап" берілетінін ескертті. Бұл шешім әлемдік мұнай нарығына және халықаралық кеме қатынасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін бүгін жаңадан бұрқ еткен геосаяси шиеленіске байланысты Астанадан Дубайға ұшып шыққан ұшақ Қазақстанға кері оралуға мәжбүр болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: