Геосаяси шиеленіс: Астанадан Дубайға ұшып шыққан ұшақ Қазақстанға кері оралды

Ұшақ, Air Astana, Астана, Дубай, геосаяси шиеленіс, Таяу Шығыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 11:24 Сурет: Air Astana
Астанадан Дубайға қатынайтын Air Astana ұшағы 2026 жылғы 12 шілдеде таңертең Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ұшып шыққан әуежайға оралуға мәжбүр болды. Әуе компания Алматыдан Дубайға қатынайтын тағы бір рейстің тоқтатылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың тағы ушығуына байланысты Дубайға қатынайтын рейстерге қатысты өзгерістер орын алғанын хабарлады.

12 шілдеде сағат 07.10-да ұшып шыққан Астана-Дубай KC205 рейсі межелі жеріне бара алмай, елордамыздың әуе жайына кері оралды.

Сонымен қатар 12 шілдеде сағат 08: 50-де ұшуы жоспарланған Алматы-Дубай КС 897 рейсі тоқтатылды.

Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жырақта қалып қалған жолаушыларды алып шығу мәселелерін шешеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеріп отыру сұралады, себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер болады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: