Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жарияланды

Сурет: wikimedia/Alexander Khanin
№ 11 Ыстамбұл ауыр қылмыстық істер жөніндегі соты "Сумуд Флотилиясы" ісі аясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты Интерполға жолдау үшін хабарлама дайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bengü Türk мәліметінше, сот Нетаньяху мен аталған істе төбе көрсететін басқа да адамдарды ұстауға санкция берді. Соңғы отырыста сот алқасы бірауыздан халықаралық іздеу жариялауға сұрау салуды рәсімдеу туралы қаулы шығарды.

Аталған іс Ыстамбұл прокуратурасының тергеуімен байланысты. Айыптау қорытындысында айыпталушыларға адамзатқа қарсы қылмыстар, геноцид, мүлікке қасақана зиян келтіру, тонау, денсаулыққа зиян келтіру және қатыгездік жасау сияқты бірқатар ауыр баптар бойынша айып тағылатыны айтылады.

Сонымен қатар, тағылған айыптардың ішінде көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау, кемелерді басып алу немесе ұстау және адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру жайы да көрсетілген.

Түрік тарапының мәліметі бойынша, прокуратура айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты қатаң жазаларды талап етуде.

"Сумуд флотилиясы" (арабша "сумуд" - табандылық) - бұл 60-қа жуық кемені қамтитын ауқымды халықаралық азаматтық бастама, оның мақсаты - Израильдің Газа секторындағы теңіз блокадасын бұзу және гуманитарлық көмек жеткізу.

Бұған дейін Израиль әскері ХАМАС-тың қару-жарақ өндіретін нысанына соққы жасағанын мәлімдеген болатын.

Түркия
Израиль және Палестина
Нетаньяху Биньямин

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар мен қандастарды есепке қою қағидалары жаңартылды