Жаңа тыйымға қатысты Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Стивен Миллер де пікір білдірді. Оның айтуынша, жаңа құжат АҚШ азаматтығын туу құқығы бойынша ала алмайтын адамдар санатын кеңейтеді.
Олардың қатарына:
- АҚШ-қа жау саналатын шетел азаматтары;
- шетелдік террористік ұйымдардың мүшелері;
- шетелдік үкіметтердің мүддесін қорғайтын және олардың атынан әрекет ететін адамдардың кең санаты енгізілді.
"Бұл шараны қабылдау туу құқығы бойынша азаматтығын негізсіз алатын адамдардың едәуір бөлігі бұдан былай оған құқылы болмауын қамтамасыз етеді. Екіншіден, әрі бұл тарихи маңызы ерекше қадам, АҚШ тарихында алғаш рет "босану туризміне" ресми түрде тыйым салынып отыр", – деді Миллер.
Бұған дейін Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгеретіндігін жазғанбыз.