Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді

Пограничные пункты, пограничный пункт, международные пункты пропуска, международный пункт пропуска, пункт пропуска, пункты пропуска, государственная граница, государственные границы, пересечение границы, прохождение границы, переход границы, пограничная зона, погранзона, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 14:23 Фото: pxhere
Келесі айда Қытайға кіріп-шығу тәртібі өзгереді. Бұл туралы қаулыға көрші елдің премьері жақында қол қойды.

Шілденің 31-де Қытай премьер-министрі Ли Цян Мемлекеттік кеңестің елге кіріп-шығу туралы қаулысына қол қойды. Бұл құжат қыркүйектің 15-де күшіне енеді. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жаңа заңның негізгі мақсаттарының бірі – ұлттық технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ал Қытайдың "Халық" газеті бұған – мемлекет егемендігі мен даму мүдделерін қорғауды қосып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді қаулыға қысқаша тоқталсақ, ол 19 баптан тұрады.

Солардың қатарында негізгі үш ереже бар:

  • Біріншіден, технологияны импорттау және экспорттау тәртібін бұзып, өнеркәсіптік және технологиялық қауіпсіздікке қатер төндірген қытайлық азаматтардың шетелге шығуына тыйым салынады.
  • Екіншіден, өзге елде жүріп заңсыз әрекеттерге барып, қылмыс жасап, ұлттық қауіпсіздік пен мүддеге зиян келтірген қытайлықтардың Қытай аумағынан жарты жылдан үш жылға дейін шығуына тосқауыл қойылады.
  • Үшіншіден, шетел азаматтары шекарада немесе өз елінде жүріп Қытайға виза рәсімдерде жалған мәлімдемелер жасаса немесе шындыққа жанаспайтын ақпарат берсе, ондай адамдардың Қытайға кіруіне бір жылдан бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Қытайдың Халық полициясы унрверситетінің профессоры Го Юнлянның дерегінше, 2025 жылы Қытайға кіріп-шығу пункттері аралығында 697 миллион сапар тіркелген екен. Гоның сөзінше, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: