Ресей мен Украина қаза тапқан әскери қызметшілердің мәйіттерімен алмасты

Сурет: Telegram/vr_medinskiy
Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Шамсаил Саралиевтің мәлімдеуінше, Ресей мен Украина қақтығыс барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің мәйіттерімен кезекті рет алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК ақпарына сүйенсек, Ресей тарапы қаза тапқан 261 адамның мәйітін Украинаға тапсырған. Ал Украина Ресейге 24 адамның мәйітін берген.

Бұған дейін Мәскеу мен Киев қаза тапқан әскери қызметшілердің мәйіттерімен 16 шілдеде алмасқан. Ол кезде Ресейге 31 мәйіт, ал Украинаға 501 мәйіт берілген.

Сондай-ақ, 18 маусымда депутат Украинаға 522 мәйіт, ал Ресейге 33 мәйіт берілгенін мәлімдеген. Ал 15 мамырда Киевке 528 мәйіт, Мәскеуге 41 мәйіт тапсырылған.

Ресей президенті Владимир Путин сәуір айында АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде, 2025 жылдың басынан бері Мәскеу Киевке қаза тапқан 20 мыңнан астам адамның мәйітін қайтарғанын, ал Ресей тарапы Украинадан 500-ден сәл астам мәйіт алғанын айтқан.

Бұған дейін Германиялық БАҚ алдағы қыста Ресей мен Украина майданындағы жағдайдың қалай өрбуі мүмкін екенін болжап көрген болатын.

Ресей
Путин Владимир
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады