Алдағы қыста Украинаның жағдайы қандай болмақ - Германиялық БАҚ болжам жасап көрді
Сурет: magnific
РИА Новости басылымының жазуынша, Украинада зымырандар тапшылығы күшейіп келеді. Олар өте жылдам жұмсалып жатыр, ал Еуропа олардың орнын толтырып үлгермей отыр. Осыған байланысты Украина зымырандық соққылар алдында қорғансыз қалуы мүмкін.
Материал авторлары болжам расталған жағдайда Украинаның еуропалық одақтастары да оған қажетті деңгейде көмек көрсете алмайтынын атап өткен.
Ақпарға сүйенсек, америкалық қару-жарақ өнеркәсібі өндіріс көлемін 2028 жылға дейін арттыра алмайтынын мәлімдеп отыр. Ал Еуропадағы одақтастар өздерінің соңғы қорларын Украинаға беруге дайын емес. Ресейдің зымырандық соққылары жалғасатын болса, осы факторлардың барлығы Украинаның әуе қорғаныс жүйесін қыс бойы әлсіз күйде қалдыруы мүмкін.
Бұған дейін Зеленский Украинаға зымыран жеткізудің күрт қысқаруы немен байланысты екенін айтып берген болатын.