Қарағанды облысында әуе қорғанысы бойынша ТМД-ға мүше елдердің біріккен оқу-жаттығуы өтеді

Біріккен оқу-жаттығуы, әуе қорғанысы, ТМД, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 23:27 Сурет: gov.kz
"Сарышаған" полигонында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі біріккен әскерлерінің (күштерінің) жауынгерлік атысымен қоса өтетін "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығуына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.

Оқу-жаттығуға қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштері зениттік-зымырандық кешендерінің жауынгерлік есептоптары да қатысады. Олардың әскери контингенті Жамбыл және Қарағанды облыстары арқылы өтеді.

"ТМД-ға мүше елдердің біріккен ӘШҚҚ жүйесі шеңберінде оқу-жаттығуға жұмылған елдердің сыртқы шекараларын күзету бойынша бірлескен жауынгерлік кезекшілік жүзеге асырылмақ. Аталған шара 1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылып отыр", делінген хабарламада.

Қолданыстағы жоспар бойынша оқу-жаттығу екі жылда бір рет өткізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: