"Сарышаған" полигонында "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары өтіп жатыр
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының жауынгерлік атысымен бірге "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштерінің әскери контингенттері де қатысуда. Зениттік-зымырандық кешендердің жауынгерлік есептоптары қазірдің өзінде оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Жаттығудың белсенді кезеңі 14-15 қыркүйекте өтпек. Қырғызстанның ӘШҚҚ есептоптары "Печора 2БМ" мобильді зениттік-зымыран кешенінен іс жүзінде оқ атуды орындайды. Ол қысқа және орта қашықтықтағы ұшатын және ұшқышсыз басқарылатын әуе шабуылын жоюға арналған, делінген ҚР Қорғаныс министрлігі хабарламасында.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Біз таңдаған өнімдердің қауіпсіздігі туралы: Қызылордадан келген тауарларды зерттеу қандай нәтиже көрсетті
Тез дайындалатын кеспе: қолжетімділік, ыңғайлылық және сатып алушылар үшін маңызды жайттар
Таңбалама қауіпсіздік кепілі: тұтынушының таңдауы олардың денсаулығы мен құқықтарына қалай әсер етеді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript