Ведомство мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 10 тамызда Айдаров көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам енесімен бірге алкоголь ішкен. Бір уақытта олардың арасында жеке араздық туындаған.
"Ер адам әйелдің басынан теуіп, кейін оны баспалдақтан итеріп жіберген. Оқиға салдарынан зейнеткер әйел қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Тергеушілер Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта ер адамға ресми түрде айып тағылып, сот оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын тағайындаған.
Оқиғаның өзге де мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркістан облысының Түлкібас ауданында көпбалалы әкенің аяусыз өлтірілгені туралы жазған болатынбыз.