"Аяусыз сабап, тамағына пышақ сұққан". Түркістанда көпбалалы әкені таныстары өлтіріп кетті

Пышақ, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, көпбалалы әке, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 21:56 Сурет: unsplash
Түркістан облысының Түлкібас ауданында қаскөйлер 32 жастағы жергілікті тұрғынды аяусыз өлтіріп кетті. Марқұмның туыстары ер адамды ауылдастары сөйлесу үшін сыртқа шақырып алып, кейін оның тамағына пышақ сұғып алғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 31 шілдеде болған қанды оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, күдіктілерді ұстаған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуальдық шешім қабылданады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

"Жетінші арнаның" мәліметінше, қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. Жергілікті мейрамхананың бейнебақылау камерасындағы таспада бес ер адамның бір адамды аяусыз соққыға жыққан сәті түсіп қалған.

Қаза болған Маханбет Тұрғанбектің туыстарының айтуынша, оны жай ғана соққыға жығып қоймай, шабуыл жасағандар оның тамағына пышақ сұғып, қансыраған күйінде далаға тастап кеткен.

Жақындарының айтуынша, таныстары Маханбетке кешкі сағат оннан түн ортасына дейін табанды түрде қоңырау шалып, сыртқа шығуды өтінген. Ер адам үйден шыққаннан кейін онымен байланыс үзілген. Ал түнгі сағат бір жарымдар шамасында отбасына қайғылы хабар жеткен.

"Меңің ұлым далада жатыр, ал қалғандары бұл кезде өз үйлерінде өзімен өзі, тамақ ішіп, күліп, жайбарақат жүр. Аудандық полиция бөліміне арыз жазуға келгенде, мені тіпті шақырмады да. Егер адамды ит қапса, полиция бірден келіп, мән-жайды анықтайды. Ал бұл арада жас жігіт қаза тапты, ешқайсысы да келмеді. Неге? Олар жергілікті жігіттер, өзінің достары. Ауданда бәрі бір-бірін таниды, ауыл кішкентай ғой", – деді марқұмның анасы Бәкизат Алтынбекова.

Марқұмның жұбайы қайғылы оқиғадан бері 11 күн өтсе де, тек бір адамның ғана қамауға алынғанын айтады. Отбасы қалған күдіктілердің әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне наразы.

Сонымен қатар, қаралы әйелдің айтуынша, адам өлтіргеннен кейін олар Маханбеттің телефонына келген қоңырауларға жауап беріп, осылайша қаза тапқан адамның туыстарын мазақ еткен.

"Денесіне қараудың өзі мүмкін емес. Басы жарылған, қол-аяғындағы барлық саусақтары мен бармақтары сынған, денесі көгеріп, қатты ісіп кеткен. Қолында екі пышақ жарақаты бар. Кеңірдектің жоғарғы бөлігіне де пышақ сұғылған. Мен күйеуіме екінші рет қоңырау шалғанда, тұтқаны қайтадан әлгі жігіттер көтеріп: "Индира, Маханбет саябаққа кіріп кетті, ал телефоны бізде қалды", – деді",- дейді марқұмның жұбайы Индира Көлбай.

Бұған дейін Сербия астанасында қазақстандық бойжеткен қаза тапқанын жазғанбыз. Кісі өліміне қатысты бірнеше шетелдікке қатысты күдік келтіріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: