Ақтөбе вокзалында пойыз бастығын пышақтап өлтіріп кетті

Ақтөбе вокзалында пойыз бастығын пышақтап өлтіріп кетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 10:38 Сурет: pixabay
Ақтөбеде 47 жастағы пойыз бастығын вокзалда пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының жазуынша, 28 жастағы күдікті қылмысын перрондағы бейнекамераға қарап тұрып істеген.

Қанды оқиға таңғы сағат бес шамасында болды. Марқұм перронда келе жатқанда алдынан жігіт шығып шылым сұрайды. Темекі бермеген соң, сол жерде алты рет пышақ сұғып алған. Вокзал аумағындағы бейне камераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүртіп, өз жөніне кете барған.

28 жастағы күдікті бұған дейін сотталып, пробация бақылауында жүріпті. Енді ол қайта қамауға алынды.

Белгілі болғандай, пойыз бастығы сол күні еңбек демалысына шыққан екен.

Бұған дейін Форт-Шевченкода жасөспірім жүк көлігін ұрлап әкетіп, 14 жасар қызды қағып кеткендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: