Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда ер адам көшеде өз тамағын орып жібермек болды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 23:30 Сурет: видео скрині
28 қыркүйек күні 102 операторына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы Юбилейная аялдамасында белгісіз ер адам қолында пышақ алып, өзінің тамағына қойып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы келіп жетеді. Жасұлан Балмағанбетов ер адамды сөзге тартып, көңіл аулау кезінде әріптесі Мұхаммадрасул Рашитов жігіттің артынан келіп, суық қаруды қолынан тартып алады да, жерге құлатып, оқиғаның алдын алады.

Ұсталған азаматтың Орал қаласының 1984 жылы туған тұрғыны екені және бірнеше уақыттан бері созылмалы ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды.

Оқиға орнынан пышақ тәркіленіп алынды. Түсініктеме бергенде ол ауруынан шаршап, осындай қадамға еріксіз барғанымен түсіндіріп берді. Қазіргі уақытта жігіт Орал қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: