Путин жолбарыспен кездескенін айтып берді

Сурет: pixabay
Ресей президенті Владимир Путин Қиыр Шығыста орман ішінде көлікпен келе жатып, жолбарысқа кезіккенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл оқиғаны Владивостокта өткен XI Шығыс экономикалық форумының (ШЭФ-2026) пленарлық отырысында айтып берді.

"Жақында осында болдым, губернаторға рақмет, бірнеше күнге осы жерге келуді ұйымдастырды. Білесіздер ме, мұны сіздермен бөліспей тұра алмаймын. Көлікпен орман ішінен келе жатқанбыз. Бір кезде жолбарыс шығып, көліктің дәл алдында жүріп алды. Құйрығын бұлғаңдатып келеді, ешқайда кетпейді", – деді Путин.

Ол жолбарысты тайганың қожайыны деп атады. Ресей президентінің айтуынша, экологиялық жағдайдың жақсаруы мен табиғатты сақтау – Қиыр Шығыс үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл ақпаратты "Пятый канал" телеарнасы жариялады.

Сонымен қатар Ресейдің Қазақстанға жолбарыстар бергені белгілі. 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанға жабайы табиғаттан ұсталған төрт амур жолбарысы жеткізілді: олардың екеуі – ересек, екеуі – жолбарыстың күшігі.

Жануарлар Қазақстанға келгеннен кейін "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының арнайы салынған бейімдеу қоршауларына орналастырылды.

Маусым айында Қазақстандағы жаңа мекендеушілерге қандай есімдер берілгені белгілі болды. Ал тамыз айында Үміт атты ұрғашы жолбарыс табиғи ортаға жіберілді.

Ал 1 қыркүйекте "Амур жолбарысы" орталығының бас директоры Сергей Арамилев Қазақстанда жолбарыс санын көбейту жоспарымен бөліскен болатын. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр