Нейрожелілердің жұмысында жаһандық ақау болды: ChatGPT неліктен жұмыс істемей қалды

Фото: pexels
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар танымал нейрожелілерге кіру және сұраныстарды өңдеу кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 3 қыркүйек кешінен бастап OpenAI компаниясының ChatGPT, xAI компаниясының Grok және Anthropic компаниясының Claude чат-боттарының жұмысында жаппай ақау тіркелді. РБК мәліметінше, бұл туралы Downdetector деректері көрсетіп отыр.

Қазақстан уақытымен 19:24-те OpenAI сервистерінің жұмысына қатысты шағымдар түсе бастаған. Жарты сағаттан кейін шағымдар саны 35 866-ға жетіп, оның 79%-ы ChatGPT жұмысына қатысты болған. Осы уақытта xAI компаниясының Grok чат-ботына қатысты да шағымдар түсе бастаған. Ал сәл ертерек әлемнің әр түкпірінде Anthropic компаниясына тиесілі Claude чат-ботының жұмысына байланысты жергілікті ақаулар байқалған.

Қолданушылардың айтуынша, мәселе әлі де шешілмеген, ал ақаудың нақты себебі әзірге белгісіз.

Психология ғылымдарының докторы ауру белгілерін интернеттен үнемі интернеттен іздеу дәрігерге барар алдындағы алаңдаушылықты күшейтетінін айтты. Сонымен қатар белгісіздік пен жауаптардың болмауы да адамның мазасыздануын арттыруы мүмкін. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды