New York Post басылымының полиция деректеріне сілтеме жасап жазуынша, сейсенбі күні құқық қорғау органдарына қар адамына ұқсайтын мақұлық туралы әдеттегіден көп хабарлама түскен. Тұрғындар тіпті үстіне жүн жамылған, басына цилиндр қалпақ киген бейнені суретке түсіріп үлгерген.
Көп ұзамай офицер Уильям Смит қаланың орталық көшесінде отырған "Бигфутты" тапты. Оның өте шынайы костюм киген адам екені анықталды.
"Ұзаққа созылған, жан-жақты әрі аса байыпты тексеруден кейін мынадай қорытындыға келдік: Бигфут жоқ", – деп әзілдеді полиция өкілдері.
Құқық бұзушылық белгілері анықталмағандықтан, ер адам ұсталмады.
Бұған дейін Қазақстанда ғылыми мақсатта жануарларды аулауға арналған квоталарды белгілеу қағидалары бекітілгені хабарланған болатын.