Ұшқыш болып киініп, қашып кеткен: есірткі тасымалдаушы халықаралық іздеуге жарияланды

Сурет: pexels
Ыстамбұл полициясы ұшқыштың формасын киіп, багаждан есірткі табылғаннан кейін қашып кеткен ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның DHA басылымының жазуынша, 2026 жылғы 13 қыркүйекте Мексикадан келген жолаушылардың жүгінен 26 келіден астам кокаин табылған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қараған кеден қызметкерлері қылмыстық схемаға қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтаған.

Күдіктілердің бірі әуежайдан ұшқыштың формасын киіп шыққан. Кейін Түркиядан кетіп қалған. Ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Тағы бір күдікті құрамында 25 келі есірткі бар чемоданды Мексика азаматына беріп, ізін суытқан.

Тәркіленген есірткінің жалпы құны шамамен 206 млн түрік лирасы (1 млрд 897 млн теңге) деп бағаланып отыр. Тергеу аясында екі күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Ал Испанияда бір ер адам ішегіне бір келіден астам кокаин жасырған. Ер адам рентгенге түсірілген кезде оның ас қорыту жолынан көптеген күдікті капсулалар анықталған. Ауруханада дәрігерлердің бақылауымен ол ағзасынан ақ түсті зат салынған 109 пакет шығарған

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыдағы мейрамханада мас прокурор ұсталды деген ақпарат тарады