"Газета.ru" мәліметінше, 2021 жылы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылған.
Решетняк аудиториясынан ақша алып, сүйіктісін қорлаған кезекті треш-стримнен кейін қылмыстық істің басты кейіпкері атанды. Ол ікелей эфир кезінде ол әйелді киімсіз балконға шығарып жіберіп, әйел қайтыс боламын дегенше трансляцияны тоқтатпаған. Дәрігерлер де әйелді аман алып қалуға үлгермеген.
Оның жаңа аккаунттары бар екеніне ТМД елдеріндегі қыздар назар аударған. Олар басқа қолданушыларға ескертіп, оның профильдеріне жаппай шағымдана бастаған.
Решетняк танысу сайттарының біріндегі жеке ақпаратында тек шынайы кездесулерді қалайтынын жазған. Ал басқа бір сайтта Амстердамда тұратынын көрсеткен.
Бұған дейін 21 жастағы жігіттің жол бойында аю талап өлтіргені туралы жазған болатынбыз.