Қазақстандық сейсмологтар Қытайда болған жер сілкінісін тіркеді

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 20 қазанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Оның Қазақстанда сезілгені туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығы ұсынған жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 05:56-да (Гринвич уақытымен 00:56-да) болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы – 4,9, ошақ тереңдігі – 17 шақырым, энергетикалық класы – 11,6.

Жер сілкінісі эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,01 градусы және шығыс бойлықтың 84,09 градусы.

Сурет: kndc.kz

Бұған дейін сейсмологтар жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін елді атағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш әйел зардап шекті

Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып кетті

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады