Қытай сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасай отырып, "Синьхуа" агенттігі жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте, координаттары 32,40 градус солтүстік ендікте және 93,79 градус шығыс бойлықта болғанын хабарлайды.
Жер сілкінісінен кейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдайға ден қоюдың екінші деңгейін жариялады.
Айта кетсек, 2026 жылы 8 қазанда Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген болатын.