Қазақстанда жер сілкінісі болды

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 13:21 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы мәлімдеді.

Магнитудасы 3,4 болатын жер сілкінісі 2026 жылғы 7 қазанда Астана уақытымен сағат 20:53-те Шығыс Қазақстан облысында болған. Жер сілкінісінің ошағы Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай шекарасынан шамамен 71 шақырым және Ресей шекарасынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің қарқындылығы MSK-64 шкаласы бойынша 4 балды құрады.

Жер сілкінісі Алтай тауларындағы белсенді сейсмикалық ошаққа жақын маңда болған. Бұл аймақ Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан аумақтарын қамтиды. МК басылымының жазуынша, осы аймақтағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі 2003 жылы болған Шуя жер сілкінісі еді.

Бұған дейін, 28 қыркүйекте күндіз Алматы облысында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде жер сілкінісі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: