Қазақстанда жер сілкінісі болды
Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2026 жылғы 31 наурызда Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының сайтында хабарланғандай, Астана уақытымен сағат 00:42-де Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км жерде жер сілкінісі болған.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік – 44,46°, шығыс бойлық – 79,91°. Магнитудасы mb=4,4, энергетикалық класы K=9,3. Қазақстан аумағында сілкініс сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, наурыз айында Канар аралдарындағы ең ірі демалыс орны – Тенерифе аралында екі күн ішінде бірден 84 жер сілкінісі тіркелген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript