Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 20:38-де тіркелген. Эпицентрі Шу қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
"Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 44,51 градусы, шығыс бойлықтың 74,44 градусы", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,73, энергетикалық класы 8,55 болды. Жерасты дүмпуінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, өңірде жер сілкінісіне байланысты ешқандай оқиға тіркелмеген және тұрғындардан өтініштер түспеген.
Бұған дейін жер сілкінісі кезінде неліктен кейбір ғимараттар қирап, ал басқаларына зақым келмейтіні туралы жазған едік. Алматы қаласындағы "Қазақстан құрылысшылар одағы" филиалының директоры тектоникалық жарықтардың бар-жоғына қатысты алаңдаушылыққа жауап беріп, қалада кез келген жерде құрылыс жүргізуге болатынын мәлімдеген болатын.