Грузияда қатарынан екі жер сілкінісі болды

Грузияда қатарынан екі жер сілкінісі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 09:56 Сурет: pexels
2026 жылғы 8 қыркүйек күні таңертең Грузияның оңтүстік бөлігінде екі жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Самцхе-Джавахети аймағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, табиғи апат туралы Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығы хабарлаған.

Ресми органның мәліметінше, жерасты дүмпулерінің аралығы 17 минут болған.

Алғашқы жер сілкінісі Тбилиси уақытымен сағат 08:52-де (Қазақстан уақытымен 09:52) тіркелді. Оның эпицентрі Ахалкалаки қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде, Бежано ауылында орналасқан. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 балды құрады. Ошақ 15 шақырым тереңдікте болған.

Екінші сейсмикалық оқиға Тбилиси уақытымен сағат 09:09-да тіркелді.

Бұл жер сілкінісінің эпицентрі Ахалкалакиден солтүстікке қарай 18 шақырым жерде, Алатумани ауылының маңында орналасқан. Магнитудасы 3,0 балға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы 12 шақырым тереңдікте болған.

Бұған дейін Үндістанда Ганг өзенінің арнасынан асып, көне ғибадатхананың су астында қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: