Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылға арналған міндеттер айқындалды. Жаңа оқу жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскерлердің жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде жаңа оқу жылы жауынгерлік даярлық сабақтарынан басталды. Әскер қатарына жаңа келген сарбаздар алғаш рет жауынгерлік дабыл үнін естіді. Жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы бойынша сабақтар хабарландыру жүйесінің сапасын, штабтар жұмысының үйлесімділігін, бөлімшелер мен бөлімдердің тұрақты орналасу пункттерінен шығу жеделдігін тексеруге бағытталған.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Сонымен қатар жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының негізгі күші әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысының үйлесімділік деңгейін арттыруға, штабтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, командирлерде бағынысты бөлімдерді басқаруда машықтануға және бөлімшелерді шынайы жауынгерлік жағдайға келтіруге жұмылдырылады.
Жауынгерлік даярлықтың жалпы 80 мыңнан астам шараларын өткізу жоспарлануда, атап өтсек оның ішінде оқу-жаттығу, іс жүзінде оқ ату, парашютпен секіру, жаттығу ұшулары, бөлімшелердің далалық жорықтары, кемелердің теңізге шығулары және жауынгерлік машиналарды жүргізу бар.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыратын әскери, оның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларды өткізу басты назарда. Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы мақсаттағы бөлімшелері Ұжымдық қауіпсіздікке шарт ұйымы аясындағы оқу-жаттығулар барысында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтайды.
Алдағы жыл жоспарында Арнайы операциялар күштері құрамаларының кешенді тексеруі, екі кезеңді және екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығулар, «Айбар» жедел-стратегиялық арнайы оқу-жаттығуы, «Бекет» дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі кешенді оқу-жаттығуы, сондай-ақ Шығыс өңірінің басқару органдарымен және әскерлерімен жұмылдыру оқу-жаттығуын өткізу көзделген. Бір жыл ішінде меңгерген машықтарын әскерлер даярлықтың соңғы кезеңі «Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында көрсетеді.
Қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің кәсіби даярлық деңгейін әлемнің 40-тан астам елдің үздік әскери мамандары қатысатын Армия халықаралық ойындарда да дәлелдейді.
Келесі жылы жалпы әскери құрамалар мен Құрлық әскерлерінің бөлімдері «Мерген батальоны» сайысында жеңіске жету үшін бағын сынамақ. Жарыс бағдарламасына жауынгерлік машиналардың қаруынан, атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындау және минаатқыш батареялары офицерлерінің кешенді атыс тапсырмаларын шешудегі дағдыларын бағалау кіреді.
Құрамалар мен бөлімдерді кенеттен тексеру тәжірибесі сақталады. Әскерлердің жауынгерлік атысты, оның ішінде түнгі жағдайларда атыс жүргізе отырып, тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтау мақсатында қайта топтау және бейтаныс полигондарға жіберу мүмкіндіктері бағаланады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әскерлердің қызметі күрестің негізгі бағыттарын, вирустың жаңа штамдарын және пандемияның одан әрі өршуінің орын алуы ықтимал ахуалды ескере отырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын қарастырады.