Жаңалықтар тізбегі
0

Әскери кемелер Каспий теңізінің акваториясындағы теңіз және әуе нысандарын жойды

Оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 17:32 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Каспий теңізі акваториясының қазақстандық секторында Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен командалық-штабтық жаттығулар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші кезеңде бөлімдер мен бөлімшелер ұрыс аймағына арнайы техника мен кемелерді шығара отырып, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.


Оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 17:32

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Екінші кезеңде жаттығудың мақсаты анықталды, командалық құрам ұрыс қимылдарын орындау туралы шешім қабылдады. Үшінші кезеңде кемелер белгіленген аудандарға шықты, теңізшілер жаудың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру мәселелерін пысықтады, әртүрлі нысандар бойынша практикалық әскери кемеге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастырды. Маневрлер барысында ұрыс авиациясының ұшақтары тартылып, олар кемеден басқарылды. 


Оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 17:32

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


"Жаттығулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді. Экипаждардың жеке құрамы сауатты және үйлесімді әрекет етті. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды", - деп сөзін түйіндеді 3-дәрежелі капитан Бауыржан Баймұханов.


Оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 17:32

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Оған зымыран-артиллериялық кемелер, Су-27 ұшақтары және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтары қатысты. Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басшылығымен жауынгерлік дайындық жоспары бойынша осындай жаттығулар жылына бірнеше рет өткізіліп тұрады.


Оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 17:32

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: