Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның "Хазри-2023" әскери-теңіз жаттығуы өтеді
"Хазри-2023" бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, Әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимылды жоспарлау және ұйымдастыру кіреді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі