ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елден шығарыла бастайды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Екі күннен кейін ҰҚШҰ бітімгерлік контингенті кезең-кезеңімен Қазақстаннан шығарылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алда атқарылатын жұмыстарға тоқталған Мемлекет басшысы ең алдымен, антитеррорлық операцияны сәтті аяқтау қажеттігіне назар аудартты.

Азаматтарымыз балалары мен жақындары үшін қорықпай, қалалар мен елді мекендер, ауыл көшелерінде емін-еркін жүріп, жұмыс істеп, білім алулары үшін тәртіпті толығымен қалпына келтіру қажет. Жалпы терроризмге қарсы операцияның күрделі кезеңі өтті. Барлық өңірлерде жағдай тұрақты. Осыған орай, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мәлім еткендей, екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік контингентін кезең-кезеңімен шығару басталады.

Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті