ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы тағайындалды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жорабаев жаңа құрылған ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Еске салсақ, 24 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы" жарлыққа қол қойған еді.

Жаңа құрылым Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты