Жаңаөзенде тығулы қару қызметтік иттің көмегімен табылды

Сурет: pixabay
34 жастағы жергілікті тұрғыннан аңшылық шолақ мылтық пен спорттық қару тәркіленді. Заттар Кэсси есімді иттің көмегімен жасырулы тұрған гараждан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

18 ақпанда Жаңаөзенде қызметтік ит күзетшілерге гараждан жасырулы қаруды табуға көмектесті.

Құпия орын Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылды. Аңшылық шолақ мылтық пен спорттық мылтық тәркіленді. Оны Кэсси есімді қызметтік итпен бірге кинолог маман, кіші сержант Асан Әбдікәрім тауып алды. Іздеу жұмысына полиция қызметкерлері де қатысты.

Сурет: Фото: "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 2021 жылы сарбаздар Детектив атты қызметтік иттің көмегімен есірткі айналымы бойынша үш қылмыстың бетін ашқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда