ҚР Қорғаныс министрлігі: Қазақстанның әскерилері Украинаға жіберілмейді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілер Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ретте Stopfake.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесін жариялады.

"Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Қазақстан әскери қызметшілерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы сұрау түскен жоқ және тиісті түрде қаралып та жатқан жоқ. Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Одан өзге, аталған кезеңде Алматы облысынан Ақтау гарнизонының әскери бөлімін жасақтауға әскери автомобиль техникасы жіберілді", – деп хабарлады ведомстводан.

Сурет: stopfake.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты