Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Сурет: gov.kz
2022 жылы 6 сәуірде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Талдықорған қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық жедел штабы "Батыл Тойтарыс-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы орган күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оның жолын кесу, сондай-ақ оның салдарларын барынша азайту әрі жою бойынша міндеттерді орындауда практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.

Түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа тартылған адамдар мен арнайы техниканың едәуір бөлігі қатыстырылады.

Осыған байланысты шектеу шаралары қарастырылған, оның ішінде Медеу көшесіндегі көлік қозғалысына қатысты шектеу де бар.

Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?