1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақыру жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрлігі «Әскери міндеттілерді 2022 жылға дейін мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы әскери дайындық бойынша құжатқа сай 1500 адам әскерге шақырылады.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА веб-сайтында 28 сәуірге дейін жарияланған.

Қазақстанда әскери даярлықтан өткен резервтің құрамын толықтыру және Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында тұрақты негізде әскери дайындық жүргізіледі.

Әскери қызметке запастағы және денсаулығы бойынша жарамдылар оқу-жаттығу жиындарынан өту үшін шақырылады. Оның ұзақтығы бір айдан аспауы керек.

Әскери дайындықтан өту кезеңінде, оның ішінде әскери бөлімге бару және кері қайту жолындағы уақыт, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы әскери қызметке міндеттілер үшін сақталады. Орташа жалақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Бұл ретте, әскери дайындықтан жалтарғаны, сонымен қатар әскери дайындық кезінде әскери қызмет өткерудің белгіленген тәртібіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 АЕК (шамамен 15 900 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты