Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге батып бара жатқан ер адамды құтқарды

Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Оқыс оқиға сағат 17:10 шамасында орын алған. "Ататүрік" саябағының аумағында патрульдеу кезінде Ұлттық ұланның жауынгерлері суға батып бара жатқан адамды байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатардағы патруль бастығы Оралбек Жиенбай үстіндегі жарақтарын шешіп, адамды құтқару үшін суға бірінші болып секірді. Одан кейін патрульдік топтың бастығы кіші сержант Айбат Есіркеп те көмекке келді. Екеуі 44 жастағы зардап шегушіні судан алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Біз жағалау бойында жүргенбіз. Кенеттен: "Көмектесіңіздер!" деп дауысты естідік. Қарасақ, өзен ортасына бір адам суға батып барады. Ол өзеннің келесі бетіне жүзіп барамын деп, ортасына келгенде әлі құрып, күші таусылған, - деді Жиенбай.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері келіп-жетті.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін