ҚР СІМ "Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығады" деген дақпыртқа қатысты түсініктеме берді

Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 2023 жылдың басында Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүшелігін доғаруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл туралы 1 қаңтарда ресми түрде мәлімдеме жасалады-мыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы жекелеген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк және шындыққа жанаспайды. Қазақстан ҰҚШҰ құрылғалы оған мүше, осы ұйымның белсенді қатысушысы болып табылады. ҰҚШҰ-ға мүше болу еліміздің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Министрліктің мәліметінше, бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады.

Яғни, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында қарастырылған. Жалпы, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды