Әскери қызметші Рауан Әбілхановтің жетістігі Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Құрлық әскерлері әскери институтының "Әли" оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов ультрамарафонды сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика күні қарсаңында ол "Әли" оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүгіріп өтемін деп сөз берген еді. 

26 қазанда марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды. 

Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер, – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы. 

Бұл менің ғана емес, барлық әріптестерімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым, – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов. 

Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты