Шойгу Ресейде ішінара мобилизация науқаны аяқталғанын жариялады

Ресейде ішінара мобилизация науқаны аяқталды. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы министр РФ президенті Владимир Путинге 28 қазанда баяндады, деп хабарлайды "Россия 24".

Мобилизация бойынша шақырылған азаматтарды ұрыс қимылдары шебіне жөнелту ісі бүгін аяқталды. Азаматтарға хабарлама жолдау тоқтатылды. Өзіңіз бекіткен 300 мың адам бойынша тапсырма орындалды. Қосымша тапсырмалар жоспарланып отырған жоқ. Әскери комиссариаттар арнайы әскери операция аясында әскери қызметке кандидаттарды ерік танытушылар мен келісімшарт бойынша қабылдап, әскер қатарын толықтыру ісін жалғастырады. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу

Шойгу мобилизация бойынша шақырылған 82 мың адам арнайы оқу дайындығынан соң әскер қатарына жіберілгенін айтты. Қазіргі уақытта полигондарда ішінара мобилизация аясында шақырылған тағы 218 мың адам бар. Шойгу олардың қатарында атқарушы билік органдарының 1 300 қызметкері бар екенін нақтылады.

Шойгу ішінара мобилизацияның бастапқы кезеңінде әскер қатарына алынғандарды әртүрлі қажетті зат түрлерімен қамтамасыз ету жағынан проблемалар тіркелгенін, бірақ қазір олардың барлығы шешілгенін айтты. Владимир Путин бұған жауап ретінде әскери комиссариаттардың бүкіл жұмыс жүйесін жаңарту қажеттігін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл арада қателіктерге мүлде жол бермеу мүмкін емес еді, өйткені "елде мұндай іс-шаралар көптен бері өткізілмеген".

21 қыркүйекте Владимир Путин ішінара мобилизацияның басталғанын жариялады, сол күні тиісті Жарлыққа қол қойылды. РФ президентінің айтуынша, ішінара мобилизация аясында тек запастағы, ең алдымен тәжірибесі бар азаматтар шақырылады.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: