Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалып кеткен екі баланы тауып алды

Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Алматыда 11 қарашада Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу кезінде жоғалған екі баланы тауып, анасына табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, Төле би көшесінде патрульдеу кезінде бір жас сарбаздарға көмекке жүгініп, Горький атындағы саябақта екі баласы жоғалып кеткенін айтты.

"Әскери наряд бастығы кіші сержант Жалғас Жексенбек патрульдік қатардағы жауынгерлер Дәурен Құрманалы және Нұрбол Қайыппен бірге бұл жайттан патрульдік топтың бастығына дереу есеп берді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары өзге әріптестеріне жоғалған балаларға қатысты мәліметтерді ұсынды", делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

15 минуттан кейін Мақатаев көшесіндегі әскери қызметшілер берілген бағдардағы сипаттамаға ұқсас балаларды байқайды. Осыдан кейін олар ата-анасына аман-есен қайтарылды.

Өз кезегінде алматылық әйел жедел әрекеті мен кәсіби қырағылығы үшін құқықтық тәртіп күзетіндегі жауынгерлер мен олардың командирлеріне алғыс білдірді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі