ШЫҰ және ТМД-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері өңірдегі қауіпсіздік жайын талқылады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Халықаралық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылықты қолдау, әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Ауғанстандағы тұрақсыздық пен террористік қауіптің жоғары деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірілді.

Кездесуге қатысушылар ұлтшылдықтан, фашизмнен және милитаризмнен арылту мен көзсіздіктің кез келген әрекетіне жол берілмеу керектігін мәлімдеді.

Бірлескен коммюникеде ұйымдар шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы, терроризмге қарсы күрес, оны қаржыландыру арналарын жабу және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл төңірегінде бірлескен күшті арттыру қажеттігі атап өтілді.

Сапар аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы Сергей Шойгумен кездесті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды