Ішкі істер министрлігі Халықаралық мұражай күнін атап өтті

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі
Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлері Халықаралық мұражай күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық мұражай күнін Ішкі істер министрлігі де атап өтті. Ішкі істер органдарының 30 жылдығына және Балалар жылына орай ұйымдастырылған іс-шаралар шеңберінде ішкі істер органдарының қалыптасуында тарихи құндылығы бар жәдігерлер, материалдар ұсынылды.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер органдары мұражайларының қызметі – халық арасында полиция қызметін насихаттауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Көрмеге келушілер ішкі істер органдарының тарихымен танысты және тіпті қызықты экспонаттарды жинауға мүмкіндік алды. Бұл іс-шараның қонақтары – жас келушілер болды. Олар өткен ғасырдағы Қазақстан полициясының қалыптасу бастауында тұрған әкелер мен аталар пайдаланған экспонаттарды, материалдарды көрді.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Көшпелі көрме – кеңестік және қазақстандық полицияның бай мұрасын көрсетуге, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бүгін біз көрмеде ең көрнекті және қызықты 150 экспонатты ұсындық және әрқайсысы қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Келушілердің назарына криминалисттің чемоданы, ескі үлгідегі микроскоп, “Максим” пулеметі, бірінші бағдаршам, қылмыскерлерден алынған қару, өткен ғасырдың 40-жылдарындағы “Сақшы” “На страже” газетінің тігіндісі және тағы басқалары ұсынылды, – деді ҚР ІІМ музей меңгерушісі Алмагүл Сатмағанбетова.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты