Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жартылай марафон EXPO халықаралық көрме орталығының аумағынан бастау алады.
ЭКСПО-қалашық маңындағы учаскеде қозғалыс 17 маусым күні сағат 16:00-ден 18 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жабылады.
Түркістан көшесі бойынша EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 18 маусым күні сағат 06:00-ден 08:00-ге дейін жабылады.
Сығанақ көшесінің Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықтағы қозғалыс 07:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.
Тәуелсіздік даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.
Сарайшық көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін, солтүстік айналымның бөлігін қоса алғанда, қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.
Мәңгілік Ел даңғылының учаскесіндегі айналымның оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:40-тан 10:00-ге дейін жабылады.
Қонаев көшесінде Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабылады.
Қонаев көшесінде "Хан Шатыр" СОО аумағының айналасы сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабық болады.
Достық көшесінің Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс сағат 07:50-ден 11:00-ге дейін жабылады.
Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен EXPO орталығына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 11:20-ға дейін жабылады.
Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуін ескере отырып енгізілді.
ЭКСПО орталығына көлік арқылы жету үшін ұсынылатын маршрут:
1) Тұрар Рысқұлов көшесі арқылы;
2) Мәңгілік Ел даңғылының Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;
3) Қабанбай батыр даңғылымен "MEGA Silk Way" СОО-ға дейін.
"Жолдарда қозғалыстың қарқынды болуына байланысты қатысушыларға Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен старт орнына (EXPO) жету ұсынылады", делінген хабарламада.
Қалашық маңындағы тұрақ жабық болады.