Жас қоғам қайраткері Арслан Карханов: «Тұтынушылық дауларда медиацияны қолданамын»

Заманауи өмір жағдайында өз құқықтарыңызды білу өте маңызды. Өйткені, ағылшын тармағындағы банк әулетінің негізін қалаушы Натан Ротшильд айтқандай "Ақпарат кімге тиесілі болса, сол адам бүкіл әлемге иелік етеді".

Ал мақалада талқыланатын тақырып аясында қарастырсақ, тұтынушы құқықтары туралы ақпараты барлар сатушы немесе қызмет көрсетушіге алданып қалуы ықтималы төмен.

Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне Министрліктің стратегиялық жоспарларын талқылау, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар жатады. Оның құрамына 15 азаматтық белсенді кірді. Олар жұмыс тобының ашық дауыс беру нәтижесінде таңдалды.

Арслан Карханов қоғамдық кеңес құрамына "Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігі төрағасы ретінде кірді және қоғамдық кеңестің ең жас мүшесі. Осы орайда біз онымен сұхбаттасып, қоғамдық кеңес немен айналысатынын және қазақстандық тұтынушыларды қандай мәселелер көбірек толғандыратынын білдік.

– Сіз мүшелік ететін Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес қашан құрылды?

Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы ағымдағы жылдың ақпан айында жиналған болатын. Бұл құрам 3 жыл бойы жұмыс істейді.

Сөзсіз, ең алдымен, құжаттарды тапсыру кезінде мен дүкендерде немесе белгілі бір қызметтерді алу кезінде өз еркімен емес проблемаларға тап болатын сіз бен біз сияқты тұтынушылардың мүддесін қорғайтынымды ескердім. Тұтынушылардың мүддесін қорғау, министрлік өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі күнделікті кездесетін және өзекті сұрақтар туралы айту мен үшін үлкен мәртебе.

Мен осы салада 2021 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келемін. Тұтынушыларға заңды құқықтарын қалпына келтіруге көмектесемін.

Қазіргі уақытта мен кәсіби медиатормын, "Халықаралық келіссөздер академиясы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің сарапшысымын.

– Қоғамдық кеңетің құрамына мүше болып кірген сәттен бастап қандай мәселелерді көтере алдыңыз?

Қоғамдық кеңестің құрамында болған уақыт ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сапасы мен бағасына қатысты мәселелерді көтердім, яғни, бірінші қажеттіліктегі тауарлар. Әсіресе, кәсіпкерлер тарапы тұтынушылар құқығын сақтамайтындығына ерекше тоқталдым. Қоғамдық кеңестің отырысына ірі сауда орындарынан сатып алынған мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін әкеліп, көрсеткен болатынмын. Бұл жағдайларға қатысты кеңес мүшелерінің тарапынан бірден сұрақтар келіп түсті. Мен олардың барлығына жауап беруге тырыстым.

«Ол өзінің әлеуметтік желілерінде тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауға қатысты мәселелер жайында айтады. Қазіргі кезде авиатасымалдаушылар мен ұялы байланыс операторлары тұтынушының құқықтарын қалай сақтайтыны туралы толық ақпарат жинап жатыр. Келесі кезекте мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтары сақтала ма жоқ па осыған қатысты мәселелерді көтеретін болады, себебі біз күнделікті олардың қызметіне жүгінеміз (жергілікті атқарушы органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау нысандары т.б.).», - деп айтты «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Мұран Манепов.

– Сіз қоғамдық кеңестің ең жас мүшесісіз. Сіз үшін кеңестің құрамындағы жұмыс пен сол жұмыс барысында жиналған тәжірибе қаншалықты маңызды?

Жас болғандықтан қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығы өздерінің салаларында үлкен білім мен тәжірибелері бар, сонымен қатар кәсіби құзыреттіліктері жоғары екенін мойындаймын. Көбінесе олар импорт пен экспорт сияқты жаһандық мәселелерді көтереді, бірақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтарына да көңіл бөлу керек, себебі біз бәріміз тұтынушымыз.

Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Мен қоғамдық кеңестің ең жас мүшесі болғандықтан, жұмыс істеудің ең қолжетімді және заманауи әдісін таңдадым. Менің әлеуметтік желідегі парақшамда байланыс телефондары, сатушы және қызмет көрсетушімен тікелей байланысуға арналған құжаттар үлгісі бар. Күн сайын командамен бәрге азаматтарға кеңес беріп, олардың заңды құқықтарын қалпына келтіруге көмектесеміз. Сондай-ақ, мен тұтынушылармен кездесіп, істі сотқа дейін жеткізбей тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу тәсілін, яғни медиацияны қолданамын. Бұл заңда қарастырылған.

– Соңғы жаңалықтардың бірі – үкіметтің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын ҚР Парламенті мәжілісіне енгізді. Заң жобасын әзірлеуге қатыстыңыз ба?

Мен заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына қосылдым. Ол жұмыс тобы құрылған сәттен бастап, Үкімет ҚР Парламенті мәжілісіне заң жобасын енгізгенге дейін бұл процеске қатыстым деп айта аламын. Заң жобасын әзірлеуге осы мәселелерде тәжірибесі мол, әйгілі қайраткерлер мен қоғам қайраткерлері атсалысты. Олар ұсыныстарды қабылдау сәтінен бастап заң жобасын әзірлеуге дейін орасан зор жұмыс атқарды. Мысалы, қазіргі уақытта қолданыстағы заңда қайтарылмайтын тауарлар тізімінде тұрған ұялы байланыс құралдарына қатысты (ұялы телефондар, модемдер және т.б.) тұтынушылар тарапынан көптеген шағымдар түсті. Кейбір ұйымдар автокөліктерді, ауыл шаруашылығы техникаларын, су және әуе көлігін қосу туралы өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныс жұмыс тобының наразылығын тудырып, заң жобасына енбей қалды.

– Қазіргі таңда ел тұрғындары арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша белсенді ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың заңды құқықтары туралы біле ма? Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендету үшін халық арасында құқықтық мәдениет деңгейін көтеру қажет пе?

Иә, қазіргі таңда ел тұрғындары арасында белсенді ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Менің әлеуметтік желілерімде әрбір пост тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауға арналғанын байқауға болады. Сондай-ақ БАҚ беттерінде осы мәселелер жариялансу керек. Қазіргі уақытта халықтың құқықтық және қаржылық мәдениетінің деңгейін көтеру қажеттілігі туындап отыр.

Мен сізге мысал келтірейін. Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – халықтың қарыз жүктемесін алып қарасақ, мемлекетіміз осыдан он жыл бұрын халыққа бұл әрекеттің салдары туралы хабардар етсе, бұл мәселенің алдын алуға болатын еді.

Сурет: pixabay

Сондықтан қазір жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесе отырып, құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында соңғы заңнамалық түзетулерді қамтитын бірегей оқыту курсын дайындап жатырмыз. Жақын арада уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынатын боламыз.

Серіктестік ақпарат

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: