Маркетплейс өкілдерімен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары талқыланды

11 тамызында Сауда министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Wildberries және Kaspi-дүкен маркетплейстердің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен СМ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумақтық департамент басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Комитет төрағасының орынбасары Болат Танабергентовтың айтуынша электрондық коммерция саласында электронды сауда дамуымен қатар тұтынушылардың шағымдары 411%-ға өскен, егер 2022 жылы 6 айда 937 өтініш түссе, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіштер 4795 құрады.

"Интернет-сауда саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Комитет тауарларды сату үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарды "сауда объектілеріне" теңестіруді ұсынатын заң жобаларын әзірледі, сондай-ақ тұтынушылардың жеке деректерін міндетті түрде қорғау бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын толықтырылады, сонымен қатар кәсіпкерлерге шарттарда тұтынушылардың заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) нұқсан келтіретін талаптарға жол бермеу, электрондық сауда алаңдарының иелеріне кәсіпкерлермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау талаптарын сақтау туралы ережелерді қамтитын шарттар жасасу құқығын беру, бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобалары Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілді", - деп түсіндірді комитетте.

Өз кезегінде Kaspi-дүкенінің өкілдері Арефьев О. мен "Digital Kazakhstan" қауымдастығының өкілдері Денис Степанцев өз компаниялары тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қызығушылық танытатынын, онлайн-сауданың ел экономикасына оң әсері туралы айтты.

Сонымен қатар Kaspi-дүкені келіп түсетін өтініштерді үнемі қадағалап, сатушылар мен сатып алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау процестерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізді, ұсынылатын тауарлардың сапасының бағыты күшейтіледі.

Көбінесе Kaspi-дүкені тұтынушылардың шағымдарын жедел шешу үшін тұтынушылар мен сатушылар арасындағы дауда реттеушінің рөлін атқарады.

Сурет: freepik

Wildberries өкілі Күжімов Қ. да осы бағытта жұмыс істеуге қызығушылық бар екенін айтып, бүгінде Комитет және аумақтық департаменттермен тығыз байланыста екенін атап өтті.

"Атамекен" ҰКП Сауда департаменті директорының орынбасары Тюгина И. онлайн-сауда өкілдері қолданыстағы заңнаманы сақтау үшін "дұрыс" бизнес-процестерді құру қажет екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің өкілі сауда операцияларын жасау кезінде жеке деректерді қорғаудың негізгі аспектілерін атап өтіп, жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті.

"Сапалы Сауда" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктері Нарбекова П. және Ли Ю., "Қазақстан тұтынушылардың Республикалық Қауымдастығы" ЗТБ өкілдері Айтмағанбетов Ж. және Жағпарова Т. Kaspi-дүкені, Wildberries және "Instagram" әлеуметтік желісіндегі сатушыларға қатысты тұтынушылардан келіп түсетін шағымдардың саны өскенін атап өтті.

Алматы қаласы мен Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің басшылары өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің заңды мекенжайларын электронды сауда алаңдарында орналастыру мәселесін шешу керектігін айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша электронды платформалар тұтынушыларының мәселелерін жедел шешу үшін құрылатын оптималды арнаның сұрақтары талқыланды, Wildberries-тың заңды мекенжайын анықтау және электронды саудаға қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасын жетілдіру үшін бірлесе күш салу қажет деп шешілді, сондай-ақ жоғарыда аталған электронды алаңдарда жұмыс істейтін жосықсыз кәсіпкерлермен күресу керектігі айтылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: