Таразда көнені жаңғыртқан "Киіз Fest" фестивалі өтті

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Қала күні мерекесіне орай "Киіз Fest" фестивалінің марапаттау рәсімі өтті. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан байқауда 12 топ бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуелі қатысушылар өз қолдарымен дайындаған киіздері мен ұршықпен иірілген жіптерін қазыларға ұсынып, атауын, дайындау әдісін, ерекшелігін, жасау техникасын, шығу тарихын кеңінен түсіндірді.

Бұдан кейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, ізгі лебізін жолдады.

"Биыл республика көлемінде алғашқы рет "КиізFest" байқауы ұйымдастырылып отыр. Қазақ халқында киіз құндылығының жоғары болғаны соншалық, халық ардақтысын, асылын ақ киізге отырғызған. Киіздің қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен астарласа үндесіп жатқанының тағы бір дәлелі – ел ішінде "киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз" деген сөз мәтелге айналған".

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ол қойдың күзде қырқылатын күзем жүнінен киіз басу кезінде қазақ әйелдері тулаққа салып, жан-жақтан жиналып сабалап, оның соңын тулақ шашу секілді ойын-сауыққа ұластырғанын баса атап өтті.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Сондықтан қазақ салтында киізбен байланысты дәстүрдің қалыптасуы мұны көшпенділер мұрасы ретінде ұлт құндылығы деңгейінде дәріптейді. Бүгінгі байқауға қатысушыларымыздың қазіргі жаһандану дәуірінде ұмытылып бара жатқан киіз басуды заманауи үлгіде жаңғыртып, алдағы уақытта ұлттық құндылығымызды насихаттауға өз үлестерін қосатынына сенімім мол", – деген Дәуір Рысбайұлы фестиваль жеңімпаздарына марапаттарын табыстады.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазылар алқасының шешімімен "Ұршық иіру" номинациясы бойынша 3-орынды "Шолпы", 2-орынды "Шебер шаңырақ", 1-орынды "Асыл мұра" тобы еншіледі. Ал "Киіз басу" аталымында 3-орынды "Шебер шаңырақ", 2-орынды "Өшпес мұра", ал 1-орынды "Асыл қазына" тобы олжалап, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Сурет:Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін